Айкөркемнің әкесі Астанадағы сотқа бара алмай қалды


18/01/2024
11:47 9590 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

Айкөркемнің әкесі Айдос Мелдехан Астанадағы сотқа бара алмай қалды. Оны әуежайда қауіпсіздік қызметі түрлі сылтаумен ұстап, ұшақтан кешіктірген. Бұл жөнінде Азаттық радиосы хабарлады. 

 

– Ұша алмай қалдым. Бүгін сағат 5:40-та ұшуға тиіс едім. Қауіпсіздік қызметі адамдары мені шақырып алып, ананы тексереді, мынаны тексереді. Ананы шұқылайды, мынаны шұқылайды. Сыбыр-сыбыр. «Ұшақтан қалып қоятын болдым» десем, «жоқ, қорықпаңыз» деді. Ақыры босатты. Барсам, ұшақ ұшып кеткен, – деді Мелдехан.   

 

18 қаңтар сағат 10-да Астана әскери сотында Айкөркемнің өліміне байланысты сот отырысы өтуі тиіс болған. 

 

Адвокат Жан Күнсеркин процесті кейінге қалдыру туралы сотқа өтініш түсіретінін мәлімдеді. Бірақ сотқа негізгі жауапкер Арман Жұман келмегендіктен процесс 24 қаңтарға қалдырылған. 

 

Төрт жасар Айкөркем Мелдеханның өліміне байланысты Алматы гарнизонының соты күдікті әскери қызметкер Арман Жұманды ақтаған. Оған «өкілетін асыра пайдалану» бабы бойынша айып тағылған. Айдос Мелдехан сот үкімімен келіспейтінін айтқан. Ол сот барысында айыпты «өкілетін асыра пайдалану» бабынан, «адам өлтіру» бабына ауыстыруды талап етіп, іс бойынша куәгер ретінде өтіп жатқан өзге бес әскериді күдікті ретінде жауапқа тартуды сұраған. Бірақ оның талаптарын сот қанағаттандырмаған. 

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

18/01/2024 11:47
9590 0

Уведомление